Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
507.07
-3.52
572.53
-6.38
¥
70.37
-0.52
6.37
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты іске қосылды

Шемонаиха ауданында бұрынғы май зауытының базасында жаңа сүт өңдеу кәсіпорны ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты іске қосылды
Фото:
t.me/Agropresskz

"Сивер+" ЖШС-ның ның өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 30 тонна сүт, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Кәсіпорын заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған: төрт ашытқы қайнатқышы, сүзбе ваннасы, пастерлеу құрылғысы және сүтті толық өңдеу циклін қамтамасыз ететін басқа да жүйелер орнатылған. Сондай-ақ тәулігіне 29 тонна қабылдайтын сүт қабылдау пункті мен шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтардан күніне 2,5 тонна шикізат қабылдайтын қосымша пункт ашылған.

Қазіргі кезеңде күн сайын 2–2,5 тонна сүт өңделіп, "Nastole" сауда белгісімен табиғи өнімдер – айран, сүзбе және қаймақ шығарылады, - деп мәлімдеді министрлік. - 2025 жылдың басынан бастап бұл өнімдер Қарағанды облысындағы сауда желілерінде сатылып, Семей, Жетісу, Алматы және ШҚО өңірлеріндегі әскери бөлімдерге жеткізілуде.

Өндірісті кезең-кезеңімен дамыту жоспарда бар. 2026 жылы қышқыл сүт өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту, ірімшік цехын іске қосу және оны ретке келтіру, май өндіру цехын жаңғырту жоспарланса, 2027 жылы қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылады. 2028 жылы толық өндірістік қуатқа шығу көзделген.

Кадрлық стратегия аясында "Сивер+" ЖШС Шемонаиха колледжімен дуалды оқыту шеңберінде – технологтар мен техникалық бағыттағы қызметкерлерді дайындау бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасаспақ. Бұл кәсіпорынның тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.

Следующая →