Өскемен
Қалың бұлтты
-23°
  • Өскемен
    -23°
  • Семей
    -13°
  • Алматы
    -6°
  • Риддер
    -9°
  • Астана
    -15°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -4°
  • Шымкент
    +6°
$
501.02
597.27
¥
72.08
6.59
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 5 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл 14 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары басталды

Новости Казахстана / ШҚО-да 5 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Модернизация және реконструкция жұмыстары аясында вокзал ғимараттарын қалпына келтіру мен жөндеу, сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары атқарылмақ. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң вокзалдардың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер пайда болады деп күтілуде, – деп атап өтті көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар арасында жоғары сұранысқа ие туристік локацияларда орналасқан 21 теміржол вокзалы да жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

Ірі қалалардағы вокзалдармен қатар, елді - мекендер мен шалғай аудандарда орналасқан нысандарды да қамтыдық. Мәселен, Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық 5 вокзал, Ақмола облысында – 16, Атырау облысында – 9, Алматы облысында – 5, Ақтөбе облысында – 7, Абай облысында – 10, Жетісу облысында – 8, Батыс Қазақстан өңірінде – 4, Қарағанды облысында – 11 және басқа да өңірлердегі вокзалдар да жаңартылады, – деді көлік вице-министрі.

Аталған жобаларды іске асыру барысында отандық материалдарды пайдалануға басымдық беріледі. Бұл ішкі экономиканың дамуына және жергілікті өндірушілерді қолдауға ықпал етеді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ҚР Көлік министрлігі Вокзалдар жөнделеді ШҚО