Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
507.07
-3.52
572.53
-6.38
¥
70.37
-0.52
6.37
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі 80-нен асқан қариялар трамвайда тегін жүре беретін болды

Өткен аптада әлеуметтік желіде облыс орталығындағы трамвайларда 80-нен асқан қарттарға жасалған жеңілдік алынып тасталғаны туралы ақпарат тарады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі 80-нен асқан қариялар трамвайда тегін жүре беретін болды
Фото:
Устинка LIVE

Трамвайларда бұған дейін тегін қатынап жүрген қариялардан 50 теңге төлем талап етіле бастаған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласының әкімдігі трамвайлардың жұмысын тексергенде кәсіпорын нормативтік-құқықтық актілерде көзделмеген жол жүру жеңілдіктерін біржақты тәртіпте белгілегені анықталғанын мәлімдеген.

Заң бойынша кәсіпорынның мұндай құқығы жоқ. Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу кезінде жеңілдіктер ала алатын азаматтардың барлық санаты қолданыстағы заңнамаға және жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады, - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ал қала әкімдігінің 2021 жылға арналған бірлескен қаулысы мен мәслихатының шешіміне сәйкес, 80 жасқа толған азаматтардың жол жүру ақысы 50 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тегін жол жүру құқығы келесі санаттарға ғана беріледі: көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушылар.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 80 жастан асқан азаматтарға тегін жүру құқығын беру мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлаған. Артынша қариялардың ары қарай да тегін қатынай беретіндігін мәлімдеді.

Өскемен қаласының әкімдігі 80 жастан асқан азаматтарға арналған жеңілдіктер толық көлемде сақталады, - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің ресми өкілі Замира Мурсалимова. - Осы жас санатындағы жолаушылар үшін трамвайларда жол жүру ақысы тегін - көлік картасын валидаторға тигізудің қажеті жоқ.

Следующая →