Биыл Өскеменде жол жөндеу жұмыстары ерте басталды
Өскеменде автожолдардың орташа жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 17 шақырым болатын 18 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Биыл жөндеу науқаны әдеттегіден ертерек басталды. Бұл жол инфрақұрылымын жаңарту көлемі мен қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған қоса, ұзындығы 7,7 шақырым болатын тағы 17 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Жөнделетін жолдар тізімі толықтырылып отырады - жаңа учаскелерді қосу туралы шешім қала тұрғындарымен кездесулер мен келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесінде қабылданады.