Өскемен
малооблачно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
523.46
+1.89
600.04
-0.97
¥
72.83
+0.19
6.69
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті
Фото:
ШҚО әкімдігінен

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов конференция қатысушыларын құттықтап, бірқатар ғалымдарға алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сіздерді Ғылым күнімен құттықтаймын және сәтті, шығармашылыққа толы Ғылым апталығын тілеймін! Шығыс Қазақстан облысы – еліміздегі ең инновациялық аймақтардың бірі, – деді аймақ басшысы. – Біздің ғалымдар келешегі зор бағыттарды дамытып, жаңа материалдар мен технологияларды жасап жатыр. Олар студенттер мен жас әріптестерін зерттеу жобаларына белсенді тартуда, әрі өңір мен елдің дамуына зор үлес қосып келеді.

"Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына" конференциясына студенттер, магистранттар, докторанттар және жас зерттеушілер қатысты. Шараның мақсаты – жас ғалымдарды жан-жақты қолдау, олардың әлеуетін дамыту, білім мен тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату.

Облыс әкімі ғылым мен инновацияның одан әрі дамуы аймаққа инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Айта кету керек, ШҚТУ ғалымдары қазір аддитивті өндіріс, материалдарды өңдеудегі инновациялар, геоақпараттық жүйелер және басқа да көптеген салалардың жобаларын іске асыруда. Конференция барысында осы жобалардың кейбірі таныстырылды.

Мен жас ғалым ретінде Ғылым апталығына белсенді қатысып келемін. Менің жобам "Шиберлі ысырма түйіспелі беттерінің тозуға төзімділігін арттыру" деп аталады. Жобамның негізі – әртүрлі дәнекерлеу материалдарын қолдану, – деді қауымдастырылған профессор, PhD докторы Риза Ғабдысалық.

Ол бүгін мемлекет жас зерттеушілерге ғылыми жұмыстармен айналысу үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынып отырғанын айтты. 

Мен республикалық байқауда жеңімпаз атанып, өз жұмысымды постдокторантурада жалғастыру үшін мемлекеттік қаржыландыруға ие болдым, – деді жас ғалым.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сауле Рахметуллина ғалымдарды қолдау шараларына гранттық қаржыландырумен қатар, мемлекет тарапынан берілетін тегін тұрғын үй, жеңілдетілген ипотека және шетелдік әріптестермен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін ғылыми тағылымдамалар да кіретінін атап өтті.

Следующая →