ШҚО-да үш айда заңсыз айналымнан 38 келі есірткі тәркіленді
ШҚО ПД-да жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 86 қылмыстық іс тіркелді

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті есірткі қылмыстарымен күресті жалғастыруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 86 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 50 есірткіге қатысты қылмыс анықталды. Атап айтқанда, 35-і сату, екеуі аса ірі көлемде сақтау, 13-і құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісі. Сондай-ақ, 10 фотолаборатория жойылып, 1 контрабанда дерегі тіркелді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Заңсыз айналымнан 38 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 37 килограмм марихуана, 1 килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.