Өскемен
облачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +34°
$
519.51
611.83
¥
72.54
6.6
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 76 адамды кене шаққан

Медициналық көмекке жүгінгендердің 21%-ы 14 жасқа дейінгі балалар

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 76 адамды кене шаққан
Фото:
pexels

Кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аурудың алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 95 % адам алды, - деп мәлімдеді ШҚО СЭБД баспасөз қызметі. - Қалғандары 5% (4 адам) түрлі себептермен, яғни медициналық көмекке кеш жүгіну және эндемиялық аумаққа жатпайтын елді-мекенде кене шағуына байланысты серопрофилактикамен қамтылмаған. Ағымдағы кезеңде облыс аумағында кене тарататын жұқпалы аурумен ауырған науқастар тіркелген жоқ. Көп жылғы эпидемиологиялық талдаудың нәтижесі бойынша ШҚО аумағында алғашқы аурушаңдық жағдайлары мамыр айынан бастап тіркеледі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.

Облыстың эндемиялық аумақтарында Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың  эпидемиологиялық кезеңде медициналық ұйымдар базасында (травм.пунктерде) кене шағудан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету үшін серопрофилактика пунктері құрылған.

Өскемен қаласы бойынша:

  • ересек тұрғындар үшін –"№4 қалалық аурухана" ШЖҚ КМК (Серікбаев көшесі, 1/5).
  • балалар үшін - "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК (Қазбек би даңғылы, 11).

Медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде бар.

Следующая →