Өскемен
малооблачно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
523.46
+1.89
600.04
-0.97
¥
72.83
+0.19
6.69
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы Гематология орталығы қашан ашылады?

Облыс орталығында заманауи Гематология орталығының құрылысы жалғасуда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы Гематология орталығы қашан ашылады?
Фото:
Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен

Жоба Шығыс Қазақстан облысы үшін маңызды медициналық нысандардың бірі болмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгінде нысанның дайындық деңгейі 80 пайызды құрайды. Негізгі корпуста есік орнату, полиуретанды еден төсеу, әлсіз ток желілерін, жылу және желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта төбелерді монтаждау, қабырғаларды сырлау және қорғаныш қабатын жағу жұмыстары басталады, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пациенттер мен олардың жақындарына арналған пансионат корпусы толық бой көтерген. 20 сәуірден бастап ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, нысанды жиһазбен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге дайындық басталады.

Гематология орталығының құрылысы 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Президенттің тапсырмасы бойынша құрылысты аяқтауға қайтарылған активтер есебінен 33,6 миллиард теңге бөлінді.

Шығыс Қазақстанға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімімен бірге орталық құрылысын тексеріп қайтты.

Бұл тек бір бағыттағы аурухана емес, гематология және кардиология салаларын қамтитын көпбейінді орталық болады. Негізгі ғимарат 148 төсек-орынға есептеліп, құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталған. Қазіргі уақытта нысанда 120 адам еңбек етуде, ал мамыр айына дейін олардың саны 350–400-ге дейін көбейеді.

Орталықты заманауи құрал-жабдықтармен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде: 256 кесінділік компьютерлік томограф, екі ангиографиялық жүйе, екі проекцияда суретке түсіре алатын МРТ орнатылады. Сонымен қатар операциялық бөлмелер, генетика және трансфузиология зертханалары толық жабдықталып, балалар бөлімшесі де жұмыс істейтін болады.

Қазіргі уақытта кадрларды даярлау жұмыстары жүргізілуде: 28 маман оқытудан өтіп, біліктіліктерін арттырды. Жалпы орталықта шамамен 300 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Следующая →