Өскемен
малооблачно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
523.46
+1.89
600.04
-0.97
¥
72.83
+0.19
6.69
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде студент түрмеге бірнеше смартфон лақтырмақ болды

Түрме сыртында тұрған студентті әскери қызметкер қолға түсірген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде студент түрмеге бірнеше смартфон лақтырмақ болды
Фото:
pexels

Студент осы қызметі үшін сыйақы алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кеше Өскемен қаласының №17 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның №6699 әскери бөлімінің кинологы сержант Темірбек Губайдуллин "Тор" есімді қызметтік итімен аумақты патрульдеу барысында бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған азаматты ұстады.

Тексеріс барысында ол түрме ауласына "Sumsung", "Huawei" және "Oppo" маркалы алты ұялы телефон кіргізбек болғаны анықталды. Ұсталған азамат бұрын сотты болмаған. 2005 жылы туған күдікті Өскемен қаласындағы ЖОО-ның бірінің студенті екені белгілі болды. Қаладағы университеттің 3-курс студенті бұл қадамға ақшалай сыйақы үшін барғандығын баяндады. Сондай-ақ оның телефондарды кімге бермекші болғаны анықталды. Тыйым салынған заттар жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, күзет бөліміне тапсырылды, - деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.


Следующая →