Ертең ШҚО-да қар жаууы мүмкін
Синоптиктер ертең облыстың шығысында жаңбыр, қар жауатынын болжады

Фото:
pexels
"Казгидромет" РМК ШҚО деректері бойынша 10 сәуірде түнде облыстың шығысында жауын-шашын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.