ШҚО-да ҚМЖ туралы ескерту жарияланды
Бүгін-ертең Өскемен қаласында ауа сапасы нашар болады

Фото:
Устинка LIVE
Сондықтан облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына далада жүруді шектеген жөн, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 9 сәуір сағат 20.00-ден 10 сәуір сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты 2-дәрежелі ескерту жарияланды.