ШҚО-дағы мемлекеттік қызметкерлер атынан ақша сұрайтын алаяқтар көбейді
Алаяқтар ақша сұрап қана қоймай, белгілі бір мәселелерді шешіп беру туралы өтініш білдіретін болған

Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Соңғы уақытта алаяқтар жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары атынан, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар құрып, түрлі мазмұндағы мәтіндік және дауыс хабарламаларын таратуда. Олар көбінесе қаржылай көмек көрсету немесе белгілі бір мәселелерді шешіп беру туралы өтініш білдіреді. Сонымен қатар, азаматтардың жеке мәліметтерін алу мақсатында абоненттердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қатысы бар деген жалған ақпарат таратылуда, - деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Халыққа алаяқтардың арандатуына ермей, мұндай жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керектігі ескетіледі.