Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +27°
$
518.53
+2.37
588.17
+3.31
¥
71.32
+0.33
6.39
+0.14
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде "ONAY!" картасы жоқ балаларды автобустан түсіріп кеткен

Кеше, 7 сәуірден бастап, облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде "ONAY!" электрондық төлем жүйесі іске қосылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде "ONAY!" картасы жоқ балаларды автобустан түсіріп кеткен
Фото:
Устинка LIVE

Енді қалалық қоғамдық көліктерде Oskemencard бойынша, Халық және Каспи банктерінің QR-кодтары арқылы төлем қабылданбайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алғашқы күні жергілікті халық жаңашылдыққа үйрене алмай, біраз әбігерге түсті. Жастар жаңа қосымшаны жүктеп, жүйені еркін меңгеріп кеткенімен, қарияларға "ONAY!" оңайға соқпады. Сондай-ақ, жол жүруге арналған жеңілдік карталары да әлі толық беріліп болған жоқ. Жолаушылар тасымалын басқару орталығы алдында "ONAY!" жүйесі іске қосылмай тұрып бір апта бұрын халық күнде ұзын-сонар кезекте тұратын. Бүгін, 8 сәуір, кезек әлі сейілген жоқ.

Жолаушылар тасымалын басқару орталығы

Одан өзге, кеше тіпті кей кондукторлар карта алып үлгермеген оқушыларды автобустан түсіріп жіберген.

"ONAY!" картасы жоқ оқушыларды автобустан түсіріп жібергендер болған. Соған байланысты әкімдік дереу тасымалдаушы компания өкілдерімен жиналыс өткізді. Біз кондукторларға балалардың барлығы карталарын алғанша автобустан ешкімді түсірмеуді ескерттік, - деді ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшының орынбасары Рашид Шерубаев. - Сондай-ақ, жеңілдік карталарын беру нүктелерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. "ONAY!" компаниясы өтінімдерді жедел өңдеп, карта беру процесін жеделдету үшін қызметкерлер санын арттырып жатыр.


Следующая →