ШҚО-да кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды
Залалсыздандыру жұмыстары облыстың барлық аудандарында, Өскеменнің бірнеше аймағында жүргізіледі

Халық уланып қалмас үшін эпидемиологтар өңделген аумаққа арнайы ескерту тақтайшаларын іледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Республикалық деңгейде санэпид-саламаттылықты қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға облыстың барлық қала, аудандарында кене инфекцияларымен және туляремиямен сырқаттанушылық бойынша эндемиялық аумақтарында 2 кезеңдік (көктем, күз) дератизациялық және дезинсекциялық өңдеу жүргізілетін болады, - деп хабарлады ШҚО СЭБД баспасөз қызметі. – Көктемгі залалсыздандыру 7 сәуір мен 5 мамыр аралығында эпидемиологиялық және энтомологиялық мониторинг негізінде белгіленген кене энцефалитімен жұқтыру қаупі жоғары жерлерде өткізілетін болады.
Өңдеу жұмыстары Өскемен қаласының эндемикалық аумақтарында (Самсоновка ауылы, Үлбі кентінің маңайы, Куленовка, Согра, Лесхоз, Меновное маңайы "Магнум" оптомаркетінің арты, Меновное саяжайлары 23 шағын аудан маңайы, Примыкании және Станиславский зираттарының аумағы, Понтон көпірінің маңайындағы саяжайлар ауданы, Масьяновка ауылындағы тосқауылдары, Самара тас жолы, Ахмерово ауылындағы саяжай жақтары), Риддер қаласында, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Самар және Алтай аудандарында жүргізілетін болады.
Барлық өңделген аумақтарда ескерту тақтайшалары орналастылады.