Өскемен
Қалың бұлтты
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Семей
    +3°
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
    +3°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Ақтау
    +9°
  • Атырау
    +13°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +13°
  • Түркістан
    +20°
  • Орал
    +11°
  • Шымкент
    +15°
$
478.77
-2.77
548.62
-4.62
¥
69.31
-0.38
5.87
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әскерилер тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді еске алды

Шара "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінде ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әскерилер тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді еске алды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Тәжік-ауған қақтығысында қаза болған 17 жауынгер құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ескертікішке гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл кейінгі толқын жас буын өкілдерін әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу және де қыршыннан қиылған боздақтар ерлігін насихаттау, Отан тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін күзетіп жүрген ұландық жауынгерлердің рухын асқақтату үшін қажет шара.

Біз Пшихавр шатқалындағы ұрыс-соғыс оқиғасында қаза болған ағаларымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Қазақ қашанда "Ер – елдің қорғаны" деп, ер-азаматтың қоғам алдында биік бағасын асырып, мерейін тасыта білген халық. Сондықтан азаматтық пен батырлықтың биік үлгісін көрсеткен сарбаздар ерлігі қашанда ел жадында сақталары сөзсіз, - дейді "Шығыс"өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев.

Сарбаздардың рухына тағзым етуге тәжік-ауған шекарасында өз әскери борышын өтеген ардагерлер мен "Жас бүркіт" кадеттер құрамы келді. Шара соңында тәжік-ауған әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Следующая →