Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +32°
$
518.97
-0.61
607.3
-2.06
¥
72.28
-0.15
6.64
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада басталды

Олимпиада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өтуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада басталды
Фото:
ШҚО ІСБ-дан

7-11 сәуір аралығында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстағы университеттер мен колледждерде оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алдымен жоғары оқу орындары арасында студенттер флешмобы өтті. Облыстың жастары "Дропперлерге NO!" ұранымен акция өткізді, бұл арқылы олар өз құрдастарына күмәнді қаржылық схемаларға қатысудың қаупін еске салды.

Акцияның мақсаты - студенттердің назарын цифрлық алаяқтық мәселесіне аудару, заңсыз схемаларға тартудың алдын алу, мұндай схемаларда жиі сенгіш адамдар - дропперлер пайдаланылатынын ескерту. Жастар замандастарын саналы болуға және тартымды көрінгенімен, қауіпті ұсыныстарға алданып қалмауға шақырды.

Айта кету керек, Ұлттық олимпиада 15 мың студентті қамтиды деп күтілуде.

Негізгі мақсат - жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық кеңістіктегі қауіптерді танып, өз қаражатын қорғауды үйрету. Қатысушылар алаяқтықтың нақты жағдайларын зерттеп, киберқауіпсіздік әдістері мен жауапты қаржылық мінез-құлық принциптерін меңгереді.

Жастар - елдің болашағы. Қаржылық құқықбұзушылықтар мен цифрлық алаяқтыққа қарсы тұру қабілеті тікелей олардың хабардарлық деңгейіне байланысты, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Следующая →