Бүгіннен бастап Өскеменде "ONAY!" электрондық төлем жүйесі іске қосылды
Енді қалалық қоғамдық көліктерде Oskemencard бойынша төлем қабылданбайды

Жастар жаңа қосымшаны жүктеп, жүйені еркін меңгеріп кеткенімен, қарияларға "ONAY!" оңайға соқпай тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өйткені Oskemen card-та қалған қаражаттарын "ONAY!" карталарына ауыстырып үлгермегендер әлі бар. Ескерте кетейік, бұндай өтінішпен Қазақстан, 154 мекенжайы бойынша ЖТБО-ға жүгінуге болады.
Жолаушылар мобильді қосымшада виртуалды картаны шығарып, пластикалық картаны сатып алу қажеттілігінсіз онлайн-картаны пайдалана алады, виртуалды картаны "ONAY!" мобильді қосымшасында толтыруға болады. Сондай-ақ, барлық абоненттер үшін СМС арқылы төлем жасау мүмкіндігі де қарастырылған.
Жүйені іске қосу кезеңінде жеңілдік иелеріне алғашқы карта ONAY! интеграторы есебінен жүргізіледі. Бұдан әрі бастапқы шығару белгіленген тарифтер бойынша жүзеге асырылатын болады.
Қала тұрғындары нені білуі керек:
- жеңілдікті санаттарға жататын барлық тұлғаларға жеңілдікті жол жүру үшін өтініш беру және карточкаларды ресімдеу қажет; өз ауданындағы орталықтардың бірін таңдау қажет;
- оқушылар мен колледж оқушыларына оқу орны бойынша карталар беріледі (өз оқу орнында жауапты тұлғаға жүгіну қажет);
- картаны алу үшін 70 жастан асқан зейнеткерлерге жеке куәліктерін, 3*4 фотосуреттерін және зейнетақы куәліктерін алып келіп, жүгіну керек, сондай-ақ тұрғылықты жерлері Өскемен қаласында тіркелген болуы тиіс;
- жеңілдікті санаттағы қалған өкілдерге жеке басын куәландыратын құжатты, 3*4 фотосуретін (электронды түрде алуға болады), жеңілдікті алу құқығын растайтын құжатты және тұрғылықты жерлері Өскемен қаласында тіркелгенін көрсету қажет.
Карталар өтініш берілген жерде аптасына 2 рет беріледі.
Жеңілдікті санаттардан өтініштер қабылдау үшін 4 орталық жұмыс істейді:
- ONAY! халыққа қызмет көрсету орталығы - Шәкәрім даңғылы 171.
- "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ - Шәкәрім даңғылы 149/10,
- Жастар ресурстық орталығы - Жібек Жолы көшесі 3.
- Жолаушылар тасымалын басқару орталығы - Қазақстан 154.
Жұмыс кестесі 8.00-ден 17.00-ге дейін.
Жеңілдік картасын алу үшін 70 жастан асқан қала тұрғындары (зейнеткерлер) Өскемен қаласындағы аумақтық басқару орталықтарына жүгіне алады:
- Сәтбаев даңғылы, 36.
- Пахомов көшесі, 8 (үйдің кері жағына кіру).
- Антон Чехов көшесі, 68.
- Буров көшесі, 24.
- Бағдат Шаяхметов көшесі, 4.
- Атлантикалық көшесі, 38.
- Добролюбов көшесі, 25.
- Гагарин бульвары, 20.
- Мұхамеджан Тынышпаев көшесі, 123.
- Бажов көшесі, 546.
- Максим Горький көшесі, 11а.
Жұмыс кестесі 8.00-ден 17.00-ге дейін.