Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды
Ол енді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Жақсылық Омарды тағайындады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ол Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметтегі, соның ішінде алты жыл бойы облыс орталығының әкімі ретінде атқарған үлкен тәжірибесін атап өтті.
Өңірдің барлық мәселелері мен тұрғындарының мұң-мұқтажы Жақсылық Омарға жақсы таныс. Оның жаңа жауапты қызметке өз білімі мен күш-жігерін барынша жұмсап, аянбай еңбек ететініне сенімдімін, – деді Нұрымбет Сақтағанов.