Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +26°
$
538.54
628.31
¥
75.5
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ертіс көпірінің астындағы жол жыл соңына дейін салынып бітеді

Өскемен қаласындағы Славский көшесінен Пермитин көшесіне тікелей өтетін Ертіс көпірі астындағы жол биыл ашылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ертіс көпірінің астындағы жол жыл соңына дейін салынып бітеді

Бұл туралы шаһар басшысы Алмат Ақышов айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл жолдағы негізгі жұмыстар аяқталған.

Жыл соңына дейін бұл жолмен көліктер қатынайтын болады, - деді Алмат Ақышов.

Жол айрығының құрылысы 2023 жылы басталған, ал нысанды пайдалануға беру 2024 жылға жоспарланған болатын. Жобаны іске асыру Ертіс көпірі аймағындағы қозғалысты оңтайландыруға көмектеседі деп болжанған. Бірақ 2024 жылдың қыркүйегінде қаражат тапшылығына байланысты құрылыс тоқтатылған болатын.

Сондай-ақ, болашақта Қазақстан, Пермитин, Славский жағалауы көшелері мен Жеңіс даңғылынан ағылған көліктер түйісетін күрделі қиылыста (бұрынғы "Бәйтерек" тұрған орын) бірден Ертіс көпірі үстінен Жеңіс даңғылына түсетін жолайырық пайда болады.  

Сонымен қатар, қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында Жібек жолы, Базовая көшелері мен Сәтпаев, Есенберлин даңғылдарының қиылысында айналма жол салынуда. 

айналма жол

Қаладағы негізгі күре жолдағы кептелісті азайту үшін екі маңызды жол айырығы салынып жатыр. Жібек жолы және Сәтпаев даңғылы маңындағы жол айырығы салынып жатыр. Негізі кептеліс осы маңнан басталып, көпірге дейін келеді. Сондықтан бұрынғы "Бәйтеректің" орнына жол айырығы салынбаса, мәнсіз. Сол себепті екі жобаны қатар жүргізу керек, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.


Следующая →