Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +26°
$
538.54
628.31
¥
75.5
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Понтон көпіріндегі жол мамырда ашылады

Өскемен қаласындағы Понтон көпірінің алты жолағының тек үшеуімен ғана көліктер қатынайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Понтон көпіріндегі жол мамырда ашылады

Сол үшін таңғы және кешкі уақыттарда бұл маңда көліктер сағаттап кептелісте тұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, көпір астындағы қысым коллекторын ауыстыру жұмыстарына байланысты алты жолақты жолдың оң бағытындағы үш жолағы қазаннан бері жабық тұр. Көліктер тек сол бағыттағы үш жолақпен қатынауға мәжбүр. Жұмыстар бірақ қыс бойы жүргізілген жоқ. Қолдан жасалған көлік кептелісі халықты титықтатып бітті.

Қала әкімі Алмат Акышов жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, жағдаймен танысты. Мердігер мекеме мамыр айына дейін жұмысты аяқтауға уәде еткен.

Мердігер мекемелерге жұмысты жедел бастап, оны барынша тез аяқтауды тапсырдым. Жауапты құрылымдарға көпірдің техникалық жағдайын толық саралап, барлық ақауларды анықтап, нақты мерзімді белгілеу міндеттелді. Стратегиялық маңызы бар нысанның мұндай күйде қалуы – жол беруге болмайтын жағдай, - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Ертіс көпіріндегі көлік ағынын азайту мақсатында көлік қозғалысын оңтайландыру жолдарын қарастыруды да тапсырылды.

Следующая →