Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Алаяқ өзін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерімін деп таныстырған
Сөйтіп екі адамға үй кезегін жылжытып беру үшін ақы алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласының №2 соты ҚК-ның 190-бабының 3-бөлігі 1, 4-тармақтары бойынша қылмыстық істі қарады.
Өзін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерімін деген К. есімді азамат азаматтарға халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдікпен тұрғын үй алу кезегін ілгерілетуге жәрдемдесуге уәде берген. Нәтижесінде екі жәбірленушіге 6 008 000 теңге сомасында материалдық залал келтірілді, - делінген сот ақпаратында.
Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген. Жәбірленушілерге келтірілген залалды толық өтеп бергенін ескеріп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал прокурор соттан бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы жасаған қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатады. ҚК-ның 190-бабының 3-бөлігі бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, залалдың өтелуін ескеріп, сот сотталушыны 3 жылға бас бостандығынан шектеді, пробациялық бақылау белгілеп, оған белгілі бір міндеттер жүктеді, - делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.