IQanat Олимпиадасының шешуші кезеңіне ШҚО-дан 280 оқушы өтті
1-турдан сәтті өткен өңірдің 280 ауыл оқушысы бүкіл Қазақстан бойынша 1000 финалист қатарына ену үшін үш күн ішінде тестілеуден жарысады

Финалистердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқу мүмкіндігіне ие болса, басқалары олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына енеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Биылғы басты ерекшелік – Peer-to-Peer жобасы. IQanat Олимпиадасы білім байқауы ғана емес, енді білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Енді жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі, - дейді ұйымдастырушылар. - Айта кетейік, емтихан процесінен бөлек, оқушылар ынталандыру тренингтеріне, квестерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanat жобасының 7 қатысушысы көмектесіп, олардың өз әлеуетін ашуына және алдағы академиялық міндеттерге дайын болуына ықпал етеді.
IQanat Олимпиадасына жыл сайын ауылдардың 50 000-нан астам 8-сынып оқушысы қатысады. Олардың 70 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. IQanat – жай жарыс қана емес, ол Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтың мүмкіндігі.
Екінші тур қорытындысында бүкіл ел бойынша 1000 финалист іріктеледі. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқу мүмкіндігіне ие болса, басқалары олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына енеді. Оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға интенсивті дайындалып, ағылшын тілін ІТ дағдыларды және кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.