Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
516.01
+1.51
582.47
-0.20
¥
71.3
+0.01
6.26
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚУ-да халықаралық зерттеу орталығы ашылады

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Халықаралық зерттеу орталығын (INNOCREA) құру туралы конвенцияға қол қойды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚУ-да халықаралық зерттеу орталығы ашылады
Фото:
pexels

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратына сүйенсек, орталықтың негізгі мақсаты – Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны зерттеу және дамыту, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Орталық аймақтың тарихы, мәдениеті, технологиялары, экономикасы мен экологиясын біріктіріп, кешенді талдау жасауды көздейді.

Бұл бастамаға Италияның Генуя университеті, Молдовадағы Crea Tech академиясы және Италиядағы Қауіпсіздік және еркіндік қоры да қатысуда. Шығыс Қазақстан университеті жобадағы ғылыми зерттеулерді үйлестіріп, білім беру бағдарламаларын әзірлеп, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып жетекшілік ететін болады.

Жаңа буын геостратегиялық талдауы – аймақты тек тарих пен экономика тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманғы жаһандық мәселелер контексінде зерттеу. Біздің елімізде алғаш рет аймақтың мәдени және технологиялық инновациялары, олардың қоғам мен экономика дамуына әсері зерттеледі. Сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдана отырып, аймақтағы өзгерістерді нақты уақыт режимінде бағалайтын аналитикалық платформа құрылады, – деді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Оның айтуынша, жоба ШҚУ-ды әлемдік деңгейдегі ғылыми орталыққа айналдырып, Еуразиялық кеңістікті зерттеуге жаңа тәсілдер ұсынып, аймақтың болашағы үшін нақты шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

Следующая →