Өскемен
малооблачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +16°
$
537.77
-1.29
622.95
-0.80
¥
75.4
-0.29
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алаяқтар криптовалюта арқылы аптасына 1000$ тауып отырған

Елде SIM-BOX пайдаланылған алаяқтық әрекеттердің жолы кесілді

Новости Казахстана / Алаяқтар криптовалюта арқылы аптасына 1000$ тауып отырған
Фото:
pixabay

Жыл басынан бері 38 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карта тәркіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағы ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы бөлімшелері және "Қазахтелеком" АҚ-мен бірлесіп, 57 SIM-BOX құрылғысын заңсыз пайдаланудың жолын кесті. Арнайы операция барысында түрлі ұялы байланыс операторларына тиесілі 38 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карта тәркіленді.

Тек наурыз айының алғашқы онкүндігінде "Бүркіт" арнайы жасағы мен полиция қызметкерлері осындай 4 фактіні анықтады, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ Ұлттық ұланы. - Астанада өз  автокөлігінде ел аумағында алаяқтық қоңыраулар шалуға арналған SIM-BOX құрылғысын тасымалдаған шетел азаматы ұсталды. Тінту барысында одан 128 ұяшығы бар екі SIM-BOX, 19 қазақстандық оператордың SIM-картасы және компьютерлік техника тәркіленді. Одан бөлек мобильді байланысқа заңсыз араласу фактісі бойынша елордалық екі тұрғын ұсталды. Олардан екі SIM-BOX және компьютерлік техника табылды. Сол күні Шымкент қаласының тұрғыны да SIM-BOX құрылғыларын заңсыз сақтағаны және пайдаланғаны үшін ұсталды.

Тергеу барысында күдіктілердің криптовалюта арқылы апта сайын шамамен 1 мың АҚШ доллары көлемінде заңсыз пайда тауып отырғаны анықталды. Барлық ұсталғандар қамауға алынды, тергеу жалғасуда.

Следующая →