Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін - Дүниежүзілік театр күні

27 наурызда бүкіл әлемнің театр қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгін - Дүниежүзілік театр күні

Бүгін ШҚО драма және оперетта театрында үздіктерді "Маска-2025" сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Дүниежүзілік театр күні қарсаңында ШҚО драма театрында бір жылда сахналанған қойылымдар арасынан үздігі таңдалып, үздік театр қызметкерлері анықталады.

Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артып келеді. Зал көрерменге толы, қойылымдардың премьерасына билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше қуаныш ұялатады, – деп атап өткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтай отырысында.

ҚР Мәдениет министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 70 театр жұмыс істейді, олардың 57-сі – мемлекеттік театр. Атап айтсақ, 11 республикалық, 46 өңірлік театр бар. Кейінгі төрт жылда елімізде бес жаңа мемлекеттік театр ашылды. Бұл театр өнерінің дамып келе жатқанын, сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Отандық театрларда 9 мыңға жуық маман жұмыс істейді, оның 4 200-і шығармашылық ұжым өкілдері. Бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойды, олардың 107-сі отандық авторлардың шығармалары негізінде сахналанған.

Следующая →