"ONAY!" карталарын қайдан сатып алуға болады?
Сәуір айынан бастап Өскемендегі қоғамдық көліктерде жаңа төлем жүйесі - "ONAY!" енгізіле бастайды

Жүйе жолаушылар үшін төлем жасауды жеңілдетуге, маршруттарды оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл жүйеде жол ақысын төлеудің бірнеше әдісі бар. Мысалы, жолаушылар жол ақысын кәдімгі картамен және виртуалды картамен де төлей алады. Ал бұл карталарды банк қосымшалары арқылы оңай толтыруға болады. Сондай-ақ QR-код сканері арқылы, СМС арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған. Автобуста адам көп жиналған уақыттарда картаны басу немесе QR-код сканерлеу қиын болады. Сондай уақыттарда ұялы қосымшада өзіңіз отырған автобус суреті көрініп тұрады, сол суреттің үстінен басу арқылы да жол ақысын төлеуге болады.
"ONAY!" Өскемен қаласында бірыңғай көлік картасын сатып алу нүктелерінің мекенжайлары:
- "Металлург" СҮ, Н. Назарбаев даңғылы 37.
- Н. Назарбаев даңғылы 83/1, "Мыломойка" бөлімі.
- Өскемен қаласының теміржол вокзалы, Мызы көшесі, н/ж.
- "Әлем" СҮ, 2 қабат, "Ежевика" бөлімі, Қабанбай батыр даңғылы 142.
- ЦУМ СО, 1 қабат, Максим Горький көшесі 71.
- "АДК River" СҮ, 1 қабат, ұялы телефондарды жөндеу, Қазақстан көшесі 62.
- "Эмилия" СҮ, Әуезов даңғылы 11/1.
- Шағын маркет "ХанТоғас", Б. Момышұлы көшесі 17.
- "Береке" дүкені, Рига көшесі 19 (Сол жағалау).
- "Әділ" дүкені, Аблакетка, Островский көшесі 6.
- "Бағдаршам", Защита, Теміржолшылар көшесі, 114.
- "Харизма" дүкені, Бажов көшесі, 333.
- "Ел-еңбек" СҮ, Б. Шаяхметов көшесі, 12.
- "Мұхит" СҮ, 1 қабат, балалар тағамы бөлімі, Өтепов көшесі, 25/2.
- Қаныш Сәтпаев даңғылы 14/2, 1 қабат, "Belle jardin" бөлімі.