ясно
°
$
503.9
+1.63
603.32
+6.17
¥
72.54
+0.32
6.61
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін Өскеменде ұлттық спорттан жарыстар өтеді

Бүгін Наурызнаманың жетінші күні, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгін Өскеменде ұлттық спорттан жарыстар өтеді
Фото:
Устинка LIVE

Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеп, салт-дәстүрімізді жаңғыртатын күн, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сағат 10.00-ден бастап Өскемендегі Республика алаңындағы бас киіз үйде ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар басталады. Бұл – батылдық пен ептілікті сынайтын ерекше шара, онда әркім өз шеберлігін көрсетіп, нағыз қазақы рухты сезіне алады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай, дәстүрлі ойындарымыздың сайыстары өтеді:

  • 10.00 – Бестас және Тоғызқұмалақ
  • 12.00 – Қазақша күрес

Бестас және Тоғызқұмалақ – халқымыздың ежелден келе жатқан зияткерлік ойындары. Бұл сайыстар ұлттық мұрамызды дәріптеп, жастарға оны насихаттауға бағытталған.

Қазақша күрес – батылдық пен күштің айғағы. Жарысқа дәрігердің рұқсаты бар спортшылар қатыса алады. Жеңімпаздар әр салмақ дәрежесі бойынша анықталады.

Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын осы шараларға қатысып, ұлттық спортты қолдай алады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Өскемен Ұлттық спорт күні Республика алаңы