Өскеменде ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтеді
Наурызнаманың бесінші күні 18 наурыз – Ұлттық киім күні

Бұл күн тек дәстүрлі киім үлгілерін дәріптеу ғана емес, сонымен бірге оның терең мағынасын ұғыну үшін де маңызды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұлттық нақыштағы киім – ұрпақ сабақтастығын жалғайтын асыл қазына.
Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді. Мереке мәдени әртүрлілікті сақтауға және насихаттауға ықпал етеді, ұлттық бірлікті нығайтады және мәдениетаралық алмасу мен өзара түсіністікке дәріптейді.
18 наурыз күні сағат 12.00-де Өскемен қаласының Республика алаңындағы бас киіз үйде жергілікті дизайнерлердің ұлттық киім үлгілерін көрсету және жаңа топтамалардың таныстырылымы өтеді, - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігі. - Көрермендер қазақтың дәстүрлі киімдерінің заманауи үлгілерін тамашалап, ұлттық мұрамыздың байлығы мен алуан түрлілігін көре алады. Жергілікті дизайнерлер көне ою-өрнектер мен заманауи сән үлгілерін үйлестіре отырып әзірлеген ерекше жұмыстарын ұсынады.
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын осы ерекше шараға қатысып, қазақ мәдениетінің көркем әлеміне бойлап, жергілікті шеберлерге қолдау білдіре алады.