Бүгін Өскеменде зергерлік бұйымдар көрмесі өтеді

Наурыз мейрамы аясында зергерлік бұйымдар мен тас өңдеу ісінің шеберлері  Байболат Дәлентаев пен Оралбек Бекқалыйдың көрмесі ашылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгін Өскеменде зергерлік бұйымдар көрмесі өтеді
Фото:
instagram/jadiger.zeriger

Келушілер назарына күміс пен мельхиордан моншақ, алқа, білезік, мойынтұмар, сақина мен түрлі жиынтықтар ұсынылмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көрме 18 наурыз күні сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының көрме залында (Қайсенов көшесі, 67) өтеді.

Шығысқазақстандық шеберлер Байболат Дәлентаев пен Оралбек Бекқалый – Қазақстан қолөнершілер одағының мүшелері, бірнеше рет облыстық және республикалық фестивальдердің, байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары атанған. Шеберлердің үздік бұйымдары Астана, Алматы және Семей қалаларының көрмелерін безендірді.

Кәсіби тас өңдеуші-зергер Байболат Дәлентаев Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Шығыс Қазақстанды таныстырған үздік шеберлер тізіміне енді. 2019 жылы "Шебер" республикалық байқауының финалисі; 2021, 2024 жылдары "Шығыс кәдесыйы" облыстық байқауының жеңімпазы болды.

Оралбек Бекқалый

Самарлық шебер әрі зергер Оралбек Бекқалый көркем еңбек пәнінің мұғалімі. Ол облыстық көрмелерге, қолөнер шығармашылығы фестиваль-байқауларына белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Мәселен, 2018 жылы "Жас шебер" номинациясында, 2023 жылы "Дәстүрлілік" номинациясында жеңімпаз атанды.

Следующая →