Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +24°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 13 рет айыппұл төлемеген жүргізуші көлігінен айырылды

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдары жылдамдықты 13 рет асырған және айыппұлдарын төлемей келген азаматты анықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 13 рет айыппұл төлемеген жүргізуші көлігінен айырылды
Фото:
Устинка LIVE

Облыста жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апаттылық қаупін азайту және төленбеген айыппұлдарды өндіру мақсатында "Борышкер" жедел профилактикалық шара жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Операцияның алғашқы күнінде-ақ, айыппұлдарын уақытында төлемеген 13 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылған.

Полиция қызметкерлері 22 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатып, оны тексеру барысында 160 мың теңге көлемінде 13 төленбеген айыппұлы бары анықталды. Барлық құқықбұзушылықтар жылдамдықты асырумен байланысты және "Мерген" автоматтандырылған кешені арқылы тіркелген. Нәтижесінде оның көлігі қарызы толық өтелгенше айыппұл тұрағына қойылды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.

ШҚО полициясы айыппұлды 7 жұмыс күні ішінде 50% жеңілдікпен төлеуге болатынын еске салады. Егер аталған мерзім өтіп кетсе, толық соманы 30 күн ішінде ерікті түрде өтеу мүмкіндігі бар. Белгіленген уақыттан кейін қаулы жеке сот орындаушыларына беріледі, ал өндіріп алу мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.

Следующая →