Өскемендіктерге демалыстарда далада көп жүрмеген жөн
Өйткені облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады

Фото:
Устинка LIVE
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ШҚОФ ескертті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
14 наурыз сағат 20.00-ден 15 наурыз сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты 2-дәрежелі ескертуі сақталады, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.