Мереке күндері Өскеменге келетін әуе рейстерінің саны артады
Наурыз айындағы мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады

Фото:
Устинка LIVE
Отандық әуе компаниялар жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін Наурыз айындағы мереке күндері әуе рейстерінің санын едәуір ұлғайтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мәселен, 2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады. Олардың қатарында:
- "Air Astana" әуе компаниясы: Алматы – Өскемен +1 рейс.
- "FlyArystan" әуе компаниясы: Астана – Өскемен +1 рейс;
Әуе билеттерін тасымалдаушылардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.