Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
516.01
+1.51
582.47
-0.20
¥
71.3
+0.01
6.26
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Әз-Наурыздың жаршысы, жаңару мен жақсылықтың белгісі – Амал күні

Новости Казахстана / Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастағанын атап өтті.

Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Айдан аман, жылдан есен болайық! – деді мемлекет басшысы.

Следующая →