ШҚО-да тағы екі ауданда енді жұмыс 8.00-де басталады
ШҚО-да Глубокое және Шемоаниха аудандары да жаңа жұмыс кестесіне көшті

Облыста осымен 11 аудан жаңа уақыт кестесіне бейімделуде, Өскемен қаласы ғана қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бірінші болып пилоттық жобаны Катонқарағай ауданы іске қосты. Қазіргі уақытта оларға келесі аудандар қосылды: Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Глубокое, Шемонаиха, Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын және Алтай.
Енді Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс күні таңғы 08.00-де басталып, кешкі 17.30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12.00-ден 13.30-ға дейін жалғасады. Алайда бұл өзгерістер білім беру мекемелеріне, балабақшалар мен медициналық ұйымдарға әсер етпейді, себебі олар бұрыннан осындай тәртіпте жұмыс істеп келеді.
Жаңа жұмыс кестесін енгізудің негізгі мақсаты – жұмыс үдерістерін оңтайландыру және аудандар арасындағы өзара әрекетті жақсарту.
Бүгінгі таңда жаңа жұмыс кестесі Глубокое және Шемонаиха аудандарында енгізілді. Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кенесбаев жаңа өзгерістер белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін атап өтті, бірақ бұл өзгеріс ауданның дамуы үшін қажет екенін жеткізді.
Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты жаңа жағдайларға бейімделу қажеттілігі туындады. Мен жұмыс кестесінің өзгеруіне бейімделетін барлық бюджет қызметкерлеріне қолдау білдіремін. Бұл – жұмыс үдерістерін оңтайландыруға және әлеуметтік, коммуналдық мекемелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған қадам. Мен бұл үдерістің қиындықтар тудыруы мүмкін екенін түсінемін, бірақ бұл ауданды дамыту және жұмыс тиімділігін арттыру үшін қажет. Біз жағдайды мұқият қадағалап, туындаған сұрақтар мен ұсыныстарға жедел жауап беретін боламыз. Біз барлық қиындықтарды бірге еңсереміз және бұл біздің ауданымызды одан да жайлы әрі тұрақты етуге көмектеседі деп сенемін, – деді Дидар Кенесбаев.
Глубокое ауданында да жаңа жұмыс кестесіне қатысты жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Аудан әкімі Эльдар Тумашинов бұл өзгерістер өмір сапасын жақсарту үшін маңызды екенін атап өтті.
Біз әріптестеріміздің өз отбасыларымен көбірек уақыт өткізуіне мүмкіндік беру үшін қолайлы жағдай жасаудамыз. Халықпен кездесіп, жаңа жұмыс кестесі ауданның тұрмыс сапасын жақсартып, еңбек тиімділігін арттыруға септігін тигізеді деген шешімге келдік, – деді Эльдар Тумашинов.
Сонымен қатар, талқылау барысында тұрғындар жаңа жұмыс кестесіне қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Мен бұл шешімді толығымен қолдаймын, себебі мәдениет қызметкері ретінде ауданның барлық құрылымдарының бір ырғақта жұмыс істегені маңызды. Бұл бізге тиімді өзара іс-қимыл жасауға және іс-шараларды үйлестіруге мүмкіндік береді, – деді демалыс орталығының аға мәдени ұйымдастырушысы Лилия Эрдман.
Глубокое ауданының тұрғыны да жаңа жұмыс кестесін қолдайтынын айтты.
Біз – ауылдық ауданбыз. Кешке бос уақыттың көп болуы үй шаруасына және отбасымен қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді, – дейді Роза Адильбаева.