Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +24°
$
510.84
579.7
¥
71.11
6.39
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Азия ойындарына қатысқан ШҚО спортшыларының үлесі қандай?

ШҚО спортшылары IX қысқы Азия ойындары мен ҚР Спартакиадасында жақсы нәтижелер көрсетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Азия ойындарына қатысқан ШҚО спортшыларының үлесі қандай?
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Биыл өңірден 27 спортшы Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарына қатысып, тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақстан құрамасы 20 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 9 күміс және 7 қола. Бұл көрсеткіш елімізге медальдық есепте 4-орынға жайғасуға мүмкіндік берді.

Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысының спортшыларын ерекше атап өткім келеді. Құрамында біздің аймақтың жеті өкілі өнер көрсеткен шайбалы хоккейден ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан үшін осы жарыстағы басты жетістіктердің бірі, - деді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов. - Бұдан бөлек, шорт-тректен эстафеталық команда құрамында өнер көрсеткен Зейнеп Құмарқан мен құрамында ШҚО-ның 10 спортшысы болған әйелдер хоккей құрамасы екі күміс медаль еншіледі. Ал биатлоннан әйелдер эстафеталық құрамында сынға түскен Ольга Полторанина мен Елизавета Белецкая қола жүлдеге ие болды.

Қазір ШҚО спортшылары Қазақстанның VI қысқы Спартакиадасында да жақсы нәтиже көрсетуде. Ақпан айында басталған жарыста олар шайбалы хоккейден алтын және фристайл-акробатикадан қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, 11-16 наурыз аралығында Риддерде тау шаңғысы жарыстары өтіп жатыр. Оған Қазақстанның бес өңірінен 37 спортшы қатысып, жүлделі орындарға таласуда.

Алда биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы және басқа да қысқы спорт түрлері бойынша жарыстар күтіп тұр. Спартакиада 13 сәуірде Алматы облысында өтетін жабылу рәсімі кезінде аяқталады.

Следующая →