Өскемен
пасмурно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +16°
$
538.13
624.88
¥
75.56
6.64
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Осы жұмада Наурызнама онкүндігі басталады

Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында он күн бойы тойланады

Новости Казахстана / Осы жұмада Наурызнама онкүндігі басталады
Фото:
Устинка LIVE

Онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Мәдениет министрлігі ақпаратына сүйеніп.

"Наурызнама" халықтың тұрмыс-тіршілігі көрінетін барлық салалны қамтиды. Мәселен, қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін ұйымдастырылмақ.

Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы. Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Наурызнама – кемінде 8 күнге созылатын Ұлы даланың халықтық мерекесі.

Наурызнама онкүндігі:

  • 14 наурыз күні – Көрісу күні - Амал мерекесі тойланады
  • 15 наурыз – Қайырымдылық күні
  • 16 наурыз – Шаңырақ күні
  • 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
  • 18 наурыз – Ұлттық киім күні
  • 19 наурыз – Жаңару күні
  • 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
  • 21 наурыз – Ынтымақ күні
  • 22 наурыз – Жыл басы
  • 23 наурыз – Тазару күні

Следующая →