Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +25°
$
510.81
578.59
¥
71.01
6.51
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да заңсыз еңбек етіп жүрген мигранттар ұсталды

Облыс орталығында көпқабатты үй құрылысында заңсыз жұмыс істеген көрші елдің 9 азаматы анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да заңсыз еңбек етіп жүрген мигранттар ұсталды
Фото:
ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында кешеден бастап көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау мақсатындағы шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Рейдік тексеру барысында шетелдік азаматтардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек етіп жүргені белгілі болды. Бұл құқықбұзушылық үшін жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, – деп мәлімдеді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Шкибаев Ринат.

Сонымен қатар, заңды тұлға шетелдік жұмысшылардың ел аумағында болуы туралы полиция органдарына уақтылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-ның 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Соттың шешімімен заң бұзушылар елден шығарылады. Еске саламыз, уақытша келген шетелдіктердің уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметімен айналысуына тыйым салынады, – деп атап өтті Ринат Шкибаев.

Құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда және Қазақстан азаматтары мен шетелдік қонақтарды белгіленген талаптарды қатаң сақтау керектігі туралы ескертеді.

Следующая →