Өскемен
облачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +27°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +27°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +28°
$
511.37
+0.56
583.73
+5.14
¥
71.03
+0.02
6.46
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"EL ARNA" және "Хабар" телеарналары біріктірілмек

"EL ARNA" телеарнасы отандық көркем және деректі фильмдер, сериалдар, сондай-ақ мәдени-ағартушылық бағдарламалар көрсетілетін платформа ретінде маңызды миссия атқарды

Новости Казахстана / "EL ARNA" және "Хабар" телеарналары біріктірілмек
Фото:
pexels

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдегендей, енді "EL ARNA-ның" барлық құнды контенті "Хабар" арнасының эфиріне өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Отандық медиакеңістіктегі қарқынды өзгерістерді ескере отырып және мемлекеттік ресурстарды оңтайландыру үшін "EL ARNA" және "Хабар" телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылданды. Бұл қадам, ең алдымен, отандық телекомпаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және қазақстандық контент аудиториясын кеңейтуге бағытталған, - деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. - "EL ARNA" және "Хабар" телеарналарын біріктіру 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады. "EL ARNA-ның" барлық құнды контенті "Хабар" арнасының эфиріне өтеді. Бұл үздік жобалардың сақталуына, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге және одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қайта ұйымдастыру процесі барысында барлық қызметкерлер "Хабар" агенттігіне жұмысқа орналастырылады. Жалақы деңгейі сақталып, олардың тәжірибесі мен білімі жаңа жобаларда сұранысқа ие болады.

"EL ARNA" телеарнасының бағдарламаларын өндіру және таратуға бөлінген қаржы "24KZ" және "Хабар" сияқты стратегиялық маңызды телеарналардың контентін күшейтуге және техникалық базасын уақтылы жаңартуға қайта бөлінеді, - деді Аида Балаева.

Следующая →