ШҚО-да мал ұрлығымен күрес күшейді
Облыста "Мал ұрысы" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

11-31 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаумен байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашуға бағытталған жедел профилактикалық шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шара барысында полиция қызметкерлері малды жаю, тасымалдау және сатылатын орындарда бақылауды күшейтіп, азаматтарға жануарларды қауіпсіз ұстау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, - деп ескертті ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға, күдікті азаматтарды немесе заңсыз әрекеттерді байқаған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажеттігін ескертеді.