Алаяқтар сот орындаушылардың атынан адамдарды алдап жүр
ҚР Әділет министрлігі алаяқтардың арбауына түспеу жолдарын түсіндірді

Әдетте алаяқтар азаматтардан берешекті өтеуді талап етеді немесе шоты бұғатталып, мүлкін тәркілеумен қорқытады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Егер Сізге осындай қоңырау түссе немесе смс-хабарлама келсе, ақпаратты Әділет министрлігі, республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының ресми сайттарында өз бетіңізше тексеріп, қажет болған жағдайда банкке қоңырау шалуға кеңес береміз. Атқарушылық іс жүргізудің бар екендігі туралы мәліметтерді тексеру үшін АИС ОИП қосымшасын да пайдалануға болады. Ол үшін "Борышкерлер мен тыйымдар тізілімі" батырмасын таңдап, тек ЖСН енгізу керек. Егер сіз борышкер болсаңыз, онда сіздің қарызыңыз туралы ақпарат, сот орындаушысының аты-жөні және оның телефоны шығады. Егер атыңыз қызғылт сарыға боялса, "сұраныс бойынша ештеңе табылмады" деген жазу шығады. Бұл сіздің шоттарыңыз бен мүліктеріңізге ешкім тыйым сала алмайтынын білдіреді, - деді ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.