ШҚО-да осы аптада балықшылар фестивалі өтеді
Оған белсенді демалыс, балық аулау және қазақ халқының мәдениетін бағалайтын кез келген адам қатыса алады

Балық аулаудан өзге, садақ ату, атқа міну сынды түрлі ұлттық ойындар ойнатылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
"Бұқтырма балықшы 2025" фестивалі 10 наурыз күні (сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін) Самар ауданы, Бұқтырма көпірінде (Күршім көпірі) өтеді.
Бұл шара – қазақ халқының ғасырлар бойғы дәстүрлерін қазіргі заманғы белсенді демалыс және балық аулау өнерімен үйлестіретін бірегей мереке. Табиғатты, мәдениетті және ашық аспан астындағы жылы қарым-қатынасты бағалайтын жандар үшін бұл фестиваль нағыз думанға айналмақ.
"Бұқтырма балықшы 2025" фестивалі балық аулау дәстүрлеріне, оның бай тарихы мен шеберлігіне арналған. Қатысушылар өздерінің балық аулау дағдыларын әртүрлі су айдындарында сынап көре алады, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен ойын-сауықтарының атмосферасына енуге мүмкіндік алады. Сарапшылар балық аулаудың заманауи әдістерімен, балықшылар үшін басқа да пайдалы білімдермен бөліседі.
Фестиваль бағдарламасы ауқымды:
- Садақ ату - дәстүрлі садақ ату өнері
- Ит шанамен жүру - қарлы кеңістіктегі ұмытылмас саяхат
- Әуе шарымен ұшу - Шығыс Қазақстанның сұлулығын биіктен тамашалау мүмкіндігі
- Атқа міну - қазақтың атқа міну дәстүрімен танысу
- Қар көліктерімен жүру - қарлы жолдардағы белсенді ойын-сауық
- Бүркіттер және тазылармен фотосуреттер - нағыз жыртқыш құстар мен асыл тұқымды иттермен суретке түсудің ерекше мүмкіндігі
- Киіз үйлер қалашығы - көрме павильондары, мамандардан шеберлік сабақтары.