Өскемен
пасмурно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +20°
$
518.21
+3.27
590.09
+6.35
¥
70.87
+0.31
6.3
+0.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Республикалық білім бәйгесіне шығыстан 300-ден астам бала қатысады

Шығыс Қазақстан облысында ауыл оқушыларына арналған IQanat Олимпиадасының ІІ туры өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Республикалық білім бәйгесіне шығыстан 300-ден астам бала қатысады
Фото:
Устинка LIVE

IQanat республикалық олимпиадасының ІІ турының ресми ашылуы 26 наурызда, оған Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл мектептерінің 309 оқушысы қатысады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетейік, бүкіл Қазақстан бойынша бұл турда 10 мыңға жуық бала білім бәйгесіне түседі. Олардың 70 пайызына жуығы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар. Бұл санның 91%-ы көпбалалы отбасылар болса, 13%-ға жуығы толық емес, 4%-ға жуығы әрі көпбалалы, әрі толық емес отбасылар.

Екінші тур оқу пәндеріне бағдарланған. Мектеп оқушылары математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география сында пәндер бойынша тест тапсырады.

Дәл осы турда финалға өтетін 1000 бала айқындалады. Финалистердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында тегін оқуға қабылданса, екінші бөлігі олимпиададан кейінгі үш жылдық қолдау бағдарламасына енеді. Оның барысында балалар ҰБТ-ға, халыкаралық емтихандарға белсенді дайындалып, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін және баскаларды меңгереді. Оқытушылар оларды ынталандырып, жетістіктерін ұдайы бақылайды.

Мыкты академиялық дайындықтың арқасында IQanat бағдарламасына енген балалардың 90%-ы Қазакстан және шетелдің үздік университеттеріне грант негізінде кабылдануда. Қазір IQanat түлектері әлемнің 15 елінде білім алып жатыр.

IQanat 150-ден астам қазақстандық кәсіпкер қолдайтын әлеуметтік-білім беру жобасы. Олимпиаданы ұйымдастыруда IQanat қазақстандық талантты ауыл балаларының білім алу жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға ұмтылады.

Следующая →