ШҚО-да тау беткейлерінен қар түсірілді
"Өскемен-Самар" тас жолы бойындағыт тау беткейлері қардан тазартылды

Бұл өңірдегі қар көшкіні қаупі жоғары аймақтардың бірі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондықтан бүгін сол жерде 4 жарылыс жүргізілді. Барлығы 1330 текше метр қар түсірілді, бұл қар көшкіні жүру қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Шығыс Қазақстан республикадағы қар көшкіні қаупі жоғары өңірлердің бірі болып табылады. "Қазселденқорғау" облыстық филиалы қызмет көрсететін аумақтағы 93 шақырым автожол қар көшкіні жүруі мүмкін аймақта жатыр.
Тұрғындарға ескерту: тауға шықпас бұрын ауа райына қарау қажет. "112" қызметінің дауылды ескертулері ескеру керек, өйткені қар көшкіні қаупі жоғары, - деп ескертті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.