Ертең Уба өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында мұз жарылады

Фото:
видеодан алынды
Шемонаиха ауданының тұрғындарына үрейге бой алдырмау ескертілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"KazExplo Service" ЖШС ақпараты бойынша 4 наурыз сағат 9.00-ден бастап Шемонаиха қаласында Уба өзенінде мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
Шемонаиха ауданының әкімдігі тұрғындарға түсіністік танытып, үрей тудырмауды ескертеді.