Перизат Қайраттан "Асар Үме" де зардап шеккен
Бұл туралы "Асар Үме" қоғамдық қоры өзінің парақшасында жариялады

"Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" ҚБ басшысының қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты, - деп жазды "Асар Үме" қоғамдық қоры. - Өкінішке қарай, "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" ҚБ жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде ОФ "Асар Үме" ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды.
Алайда істің мән-жайын жариялай алмайтындықтарын жазып, әділдік орнап - кінәлілер заң алдында жауап береріне сенім білдірді.