Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен есеп айырысқан
Өскемен тұрғыны дүкендердің бірінде 10 000 теңгелік сувенирлік купюрамен төлем жасаған

Осы әрекеті үшін ол енді заң алдында жауап береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жасанды ақшаны дүкен сатушысы кейін анықтап, құқық қорғау органдарына жүгінген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталған. Ол бұған дейін алаяқтық бойынша сотталған тұлға болып шыққан, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға және күдіктінің өзге де заңсыз әрекеттерге қатыстылығын тексеруге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары азаматтарды есеп айырысу кезінде банкнотаның түпнұсқалығын мұқият тексеру керектігі туралы есертеді. Күмәнді ақша белгілері анықталған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.