Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +29°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +22°
$
509.26
-3.40
574.75
-5.84
¥
70.86
-0.42
6.46
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-ға қоныс аудару үшін қандастардан 35 өтініш түскен

Түскен өтініштердің 24-і мақұлданды

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-ға қоныс аудару үшін қандастардан 35 өтініш түскен
Фото:
pixabay

Яғни, биыл өңірге 41 қандас қоныс тебеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Былтыр мемлекеттік квота аясында облысқа 269 адам қоныс аударды. Олардың басым бөлігі Қытай мен Моңғолиядан келген. Көшіп келгендерді қолдау мақсатында мемлекеттен 362 миллион теңге бөлінді.

Оның 65 миллионы көшу шығындарын өтеуге, 6 миллионы жалдамалы тұрғын үй ақысына, ал 291 миллионы баспана сатып алуға арналған сертификаттарды қаржыландыруға бағытталды.

Глубокое ауданы қоныс аудару үшін ең танымал орынға айналды. Мұнда қазірдің өзінде 21 отбасы баспана сатып алды. Біз қандастарды тек тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды жұмыспен қамтуға да көмектесуге тырысамыз. 2024 жылы 138 адам жұмысқа орналасты, ал тағы 5 адам өз ісін бастау үшін грантқа ие болды, - деп хабарлады ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Қандастардың кәсіпкерлік бастамалары да мемлекеттің қолдауына ие болуда. Олардың қатарында Өскемендегі домбыра үйрету орталығы, қазақ қолөнер бұйымдарын өндіру, Глубокое ауданындағы кондитерлік цех, Катонқарағай ауданындағы қонақ үй бизнесі, Зайсан ауданындағы мал азығын өндіру жобасы сияқты бірнеше маңызды бастама бар.

Ал 2025 жылға қарай қоныс аударуға 35 өтініш қабылданды, оның 24-і мақұлданды. Бұл дегеніміз, биыл 41 қандас Шығыс Қазақстанда жаңа өмір бастайды.

Қоныс аударып келгендердің Қазақстанға тез бейімделуіне көмектесу үшін цифрлық қолдау құралдары да іске қосылды. FSMSocial мобильді қосымшасы заңгерлік, медициналық және білім беру қызметтерін алуға көмектеседі. Сонымен қатар, ал Бейімдеу орталығы уақытша баспанамен және қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Қазақстан тарихи отанына оралуға ниетті этникалық қазақтарды қабылдау саясатын белсенді түрде жүзеге асыруда. Осы мақсатта елде “Ата жолы” картасы енгізіліп, бүгінде 65 адамға берілді. Бұл карта шетел азаматтарына Қазақстанда 10 жылға дейін тұру және жұмыс істеу құқығын береді.

Алайда Шығыс Қазақстан облысында бұл картаны алу бойынша әзірге өтініш түскен жоқ. Дегенмен, аймақ қандастар үшін маңызды қоныс аудару орталығының бірі болып қала береді.

Следующая →