Өскемен
облачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +22°
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде гүлді акварельдер көрмесі өтеді

Антон Савченконың "Шөптер. Гүлдер. Өмір" тақырыбындағы жеке көрмесі Қытай үшін дәстүрлі го хуа стилінде жасалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде гүлді акварельдер көрмесі өтеді
Фото:
ШҚО мәдениет басқармасынан

Көрме ертең Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінде ашылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өнерсүйер қауым көрмені 26 наурызға дейін тамашалай алады.

Көрмеге го хуа қатаң ережелері бойынша орындалған отыз акварель қойылады. Бұл туындылар кескіндеме, графика, натюрморт емес, бірнеше өнер түрлерінің сембиозы. Көрмеге суретші, график, каллиграфия шебері әрі ақын, музыкант Антон Савченконың өзі де қатысады.

Антон Савченко Өскемен құрылыс-жол институтының сәулет факультетінде оқыды. Оның жұмыстары Алматы "Тәңірі-Умай" галереясында, Шығыс Қазақстан өнер музейінде және О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада көрермен назарына ұсынылған. Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында оның жеке көрмесі өтті. 2004 жылы суретші Санкт-Петербург Өнер одағының мүшесі болды, ал 2009 жылы Қазақстан суретшілері одағына қабылданды.

Следующая →