Өскемен
ясно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -17°
  • Шымкент
    +10°
$
502.89
+0.42
527.03
+1.20
¥
69.36
+0.10
5.71
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "URPAQ" чат-боты буллингтің алдын алуға көмектескен

Telegram мессенджерінде іске қосылған чат-бот балалардың құқықтарын қорғау үшін қажет

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "URPAQ" чат-боты буллингтің алдын алуға көмектескен
Фото:
pexels

Былтыр наурыздан бері жұмыс істейтін бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл чат-бот арқылы 178 хабарлама қабылданды:

  • 36 – шұғыл көмек сұрау (SOS);

  • 33 – буллинг (кемсіту, мазақтау) туралы шағымдар;

  • 65 – психологпен сөйлесуге сұраныс;

  • 19 – зорлық-зомбылық туралы деректер;

  • 18 – бопсалау фактілері;

  • 7 – дінге қатысты сұрақтар.

Чат-ботты қолданушылар саны 2025 жылғы 8 қаңтарда 7 986 болса, кейін 11 274-ке жетті.

Чат-боттың көмегімен екі буллинг оқиғасының алдын алуға және жасөспірімдерге вейп сатқан Telegram-арнаны бұғаттауға мүмкіндік туды.

2024 жылдың қараша айында "URPAQ-қа" түскен шағымнан кейін полиция 16 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғаған. Ол мектеп оқушыларын пышақпен қорқытып, ақша бопсалаған. Ал 2025 жылдың қаңтарында өгей қызын қорлап, ішімдік ішіп, жанжал шығарған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Следующая →