Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    -5°
  • Орал
    -11°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -11°
  • Шымкент
    +10°
$
502.47
525.83
¥
69.26
5.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 20 жыл бұрын орын алған қылмыс ашылды

2004 жылы адам өлтіріп, ізін суытқан күдікті қолға түсті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 20 жыл бұрын орын алған қылмыс ашылды
Фото:
ШҚО ПД

ШҚО полицейлері прокуратурамен бірлесіп, осыдан 20 жыл бұрын Өскеменде адам өлтіріп, үйді өртеп кеткен кім екенін анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2004 жылдың 22 қаңтарында облыс орталығындағы үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Аталған факті бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Алайда сол кезде қылмыскер ізін суытып үлгеріп, оған қоса айғақтарды жою мақсатында үйді өртеп жіберген, өз кезегінде бұл тергеу барысын қиындата түсті, - деп хабарлады ШҚО ПД.

Қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері бұл істі тоқтатпады. Жедел уәкілдер материалдарды мұқият зерттеп, жиналған деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін рет-ретімен қалпына келтірді.

2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жалғасып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсті, - делінген хабарламада. - 18 ақпанда сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.

Следующая →